Тәжірибе алмасу - Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

№ 32"Балдәурен" балабақшасына бару туралы
Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Асима Бимендина және елорданың білім беру саласындағы ардагерлер кеңесінің мүшесі Қарлығаш Жолдасова № 32 "Баладаурен"балабақшасына барды. Педагогикалық еңбек ардагерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналар қоғамымен тығыз қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында балабақшаға барды.

Жұмыс барысында балабақшадағы балалардың тыныс-тіршілігіне қатысты проблемалық мәселелер талқыланды, мектепке дейінгі ұйымның бастауыш басшысы Айсауле Көбееваға ата-аналармен тиімді өзара іс-қимылын жасау, ұжыммен Стратегиялық жұмысты жоспарлау және т. б. бойынша кеңес берілді.

Ардагерлердің жас басшылармен мұндай қарым-қатынасы, тәлімгерлік көмек, тәжірибені таратуы оң нәтиже береді.

Педагогтарға арналған «Әліппе білім бастауы» атты презентация
Биылғы 2017-2018 оқу жылында   Астана қаласы №32 «Балдәурен» балабақшасында мектепалды даярлық    «Айгөлек» тобында     «Атамұра» баспасының «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу жүріп жатыр.

Балабақшамыздың жоғары санатты тәрбиешісі Мукатова Назгуль Жагыпаровна педагогтарға арналған «Әліппе  білім  бастауы» атты презентация өткізді.

Бірінші кіші тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекет түрі: Сенсорлық тәрбие

Тақырыбы: «Түрлі түсті моншақтар»

Мақсаты: Балалардың  түстер,  пішіндер, заттардың көлемі және олардың мөлшері  туралы  білімдерін  әрі қарай дамыту.  Ұсақ  заттарды  түсіне қарай жіпке тізе білуге үйрету. Қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар Сенсорлық юбка, оған қоңыраулар (үлкен және кішкентай), сылдырмақтар.  Үш  көлемді  қуыршақтар (матрешка), шара. Суық суға арналған  көк шелек, ыстық суға арналған – қызыл шелек. Моншақ жасауға арналған боялған макарондар, түрлі – түсті баулар.

Жаңа сөздік жұмыстар:  қоңыраулар, ыстық су.

Іс-әрекет кезеңі.

Тәрбиешінің іс- әрекеті.

Балалардың іс- әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды ортаға жинап шаттық шеңбер жасап «Қуан шаттан, алақай» атты өлең шумағын айтып, қимылдар жасайды.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн.

Ортаға жиналып шеңбер жасап түрып өлең шумағын айтып қимылдар  жасайды.

Іздену ұйымдас

тырушы.

Балалар мен бүгін топқа кіріп келе жатқанда бір допты тауып алдым, бірақ ол өте кір екен.

Нұрислам доп таза болу үшін не істеу керек.

Алишер допты суық суға жууға бола ма?

Сонда қандай суда жуу керек.

Алишер суық су жылы болу үшін не істеу керек?

Дұрыс суық сумен жылы суды араластыру керек.

Балалармен бірге шараға көк шелектен суық және қызыл шелектен ыстық суды құйып  суды жылытып,   балаларға  суды қолдарымен  ұстап көрсетеді. Допты жуып, сенсорлық алжапқыштың бір қалтасынана сүлгіні алып, құрғатып, сүртеді.

-         Доп қандай пішінге ұқсайды?

Балалар домалақ пішінге ұқсайтын топтағы заттарды тауып айтындаршы.

Балалардың назарын сенсорлық алжапқышқа аударады. Алжапқыштан қандай геометриялық пішіндер  көріп тұрсыңдар?

Балалар менің   алжапқышымның қалталары  өте сиқырлы. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеме? Кане кім ашып көреді.

Мына  қоғыраудың пішіні  қандай? Ал мына қоңыраудың пішіні қандай?

Балалардың назарларын алжапқыштың екінші бөлігіндегі қалтаға  аударып, түстерін, пішіндерін сұрайды.

Бұл қандай пішіндер? Қалтаның ішінде не бар екенін білгілерің келеме?

Тәрбиеші бір баланы шақырып, қалтаның аузын ашқызып, ішінен сылдырмақты алғызады.

Сергіту сәті: «Сылдырмақ»

Балалар өлең шумағының мәтініне байланысты қыймыл – қозғалыстар жасайды.

Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатсам алдымнан мына қуыршақтар шықты. Олар бүгін қонаққа барады екен. Бірақ  қонаққа әдемі болып бару үшін сендерден моңшақ жасап беруді сұрайды. Көмектесеміз бе?

Тәрбиеші балаларға моншақты қалай жасау керек екенін түсіндіреді.  Балаларды үстел басына отырғызып, жұмыстарын бақылап көмекке келеді.

Балалар  допқа қызығушылықпен қарайды.

Тазалап жуу керек.

Жоқ болмайды  (қолымыз тоңады)

Жылы суда   жуу керек.

Суық сумен жылы суды араластыру керек.

Балалар қызығушылықпен қарайды

Бір – екі бала допты сүртісуге көмектеседі.

Дөңгелек пішінге, машинаның дөңгелегіне, сақиналарға ,тәрелкеге т.б ұқсайды.

Балалар таң қалып қарайды.

Біз төртбұрыш, ұшбұрыш, дөңгелек пішіндерін көріп тұрмыз.

Бір бала келіп, қалтаның аузындағы түймесін ағытып, ішіндегі екі түрлі пішінді қоңырауды алып шығады.

Атын атап шақырған балалар үлкен, кіші қоңырауларды көрсетіп, қоңырауларды соғады.

Балалардың жауабы.

Иә, білгіміз келеді.

Бір бала  алжапқыштың қалтасының аузындағы тартпасын ағытып ішінен сылдырмақ алып шығады.

Сылдырмақ сылдырлап,

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап, Сылдырмақ ұрады.

Бас салып, қолға алып,

Аузына салады.

Сол кезде сылдырмақ сөйлемей қалады.

Иә, көмектесеміз.

Балалар қуыршақтардың көйлектерінің түсіне сәйкес моншақтарды жіпке тізіп,  жасайды. Дайын моңшақтарды қуыршақтарға сыйлайды.

Рефлексифті  түзетушілік

Балалар менің тауып алған добым қандай болды?

Ол таза болу үшін қандай суда жудық?

Менің сенсорлық алжапқышымда  нелер болды?

Қуыршақтарға не жасадық?

Балалар қуыршақтарға сендердің жасаған моңшақтары өте ұнады. Сендерге рахмет айтып жатыр!

Кір болды.

Жылы, таза суда жудық.

Сылдырмақ, ,қоңырау, геометриялық пішіндер болды.

Моншақ  жасадық.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: түстер,  пішіндер, заттардың көлемін  біледі.

Қандай түсініктерді игерді: заттарды бір тұтас пішініне қарай топтау.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:   Берілген жіптің түсіне қарай жіпке моншақтар тізе білуге үйренді. Сенсорлық қабілеттері дамыды.

Астана қаласы, №32 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Қосумбетова Н. Ж.

Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету
"Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе"

М. Жұмабаев

Шетел тілі соның ішінде ағылшын тілін үйрену қазіргі кезде заман талабы. Ағылшын тілі "Әлемдік тіл"мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Өз тілімізбен бірге өзге тілді де білуіміз қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», демекші, өз тілімізбен қатар шет тілін балабақша жасынан үйретіп келеміз.  Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымын, мәдениеті мен тарихы, салт дәстүрі арқылы меңгеруге болады.Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымың кеңейіп рухани байи түсесің. Сондықтан, баланың дүниетанымы кең болу үшін, ерте жастан тіл үйрету тиімді әдіс болып келеді.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев "Біз алдағы уақытта осы алған бағыттан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіреді. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен әрбір Қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек,"деген болатын. Тіл мәселесін сөзге тиек етіп, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп,қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі тиіс екендігін айтты.

Біздің елде 2013-2014 оқу жылында Білім және Ғылым министірлігінің шешімімен ағылшын тілі 1 сынып оқушыларының оқу жүйесіне енгізілді. Кейінгі жылдары балабақша бағдарламасына да енді. Көптеген ата-аналардың бүгінгі күні балаларының ерте жастан тілді меңгеруіне ықпал етуде.

Ерте жастан балаға ағылшын тілін жақсы меңгерту үшін үйретудің тиімді жолдарын қолдануымыз керек. Егер біз мұғалімдер тілді дұрыс жолмен үйрететін болсақ, жемісіміздің тәтті болғаны деп есептейміз. Ойын элементтері - ағылшын тілін оқытудың бір түрі болып табылады.

Ойын - ол жас ерекшілікке қарамастан, баланың қөңіл-күйін көтеретін жан-жақты ойландыратын үрдіс. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде қолданылатын әрбір ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар, дидактикалық ойындар оқыту үрдісінде оқушының коммуникативтік құзырлығын дамытуда да үлесі зор болып табылады. Сонымен қатар баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек қана ойын болып саналады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мұғалім ойын түрлерін дұрыс қолдана білсе, балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар- балалардың білімдерін арттырудың құралы.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде ойындарды қолданудың түрлі жолдары болады. Сабақ басында ойынды –өткен тақырыпты қайталау үшін , ортасында-көңіл күйін сергіту үшін, соңында –сабақты бекіту үшін ойнатамыз. Сабақты ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка немесе жаңылтпаш алуға болады. (Кім бірінші жаттайды деп?)

Bubble double gum, bubbles double жаңылтпашты қайта –қайта айтқызып тілдерін жаттықтыруға болады.

Мектепалды даярлық топтарға "The missing word " ойыны.

Мақсаты есте сақтау қабілетін арттырады. Бұл ойында суреттер тақтаға ілінеді,мұғалім close your eyes! деп бұйрық береді, 1-2 суретті алып тастайды,open your eyes! what is missing?деп сұрақ береді. Балалар ойланып жоғалған сөзді айтады .

"Colour letters"-ойынында тақтаға әр түрлі түсті әріптер ілінеді find yellow!Деп мұғалім бұйрық береді, оқушы сол түсті әріптің жанына барып тұрады.Ойынды қиындату үшін түстерге сөздер айтуға болады.

Мақсатытүстердіқайталайды. "Is it true or not?" Допқолдансаболады, мұғалімдоптылақтырапжатыпсөзтіркесінайтады.

Yellow lemon, is it true ornot? Yes.it is true. No. it is not true депжауапбереді. Мақсатыоқушылардыңсөздікқорынмолайту .

"The hidden picture" слайдарқылыойналады.Алдыналадайындалғанслайдтағысуреттерменжұмыс.

"Yes/no"бұл ойында мұғалім сұрақ қояды

Is it a book? – Yes. it is a book. Is it a map? No it is a car- депжауапбереді. Мақсатыдұрысжауапберу,грамматиканы үйрену. Оқушылардыңойлауқабілетіндамытады.

Осысияқтыкөптегенойындаройнаймыз. Соныменбіргеөлеңайтып, тақпақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдержаттаймыз.

«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Shamatov “Dearly grade learning” Internationalresearch-to-practice conference-report book 2013y.P164-165

Исахметова А "Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздемесі"Қазақ ұстазы 2013ж 67-68бет

Бөлекбаева Қ. «Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы)» Алматы 2007ж 125-126 бет

Батаева Ү. «Оқушылар шығармашылығын арттыру» Бастауыш меткеп 1.2011 ж 10-бет

Жарықбаев Қ. «Технология» Алматы білім 1993ж 272-бет

Oinet.kzАғылшын тілі жеті жасар балаға керек пе?

Мусабаева Гульназ Манаровна, №32 «Балдәурен» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі