Отбасы — тәрбие бесігі, мейірім мекені, бақыттың бастауы!
Балабақшамызда ата-аналар мен бүлдіршіндердің бірлігін нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасым — бақыт мекенім» атты танымдық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше көңіл күймен өтті. ❤️
Сайыс барысында қатысушылар:
🌿 «Тегін білу — тектілік» — отбасын таныстырды;
🏡 «Отбасым — менің тірегім» — үй тапсырмаларын ұсынды;
📖 «Мақал — сөздің мәйегі» — білімдері мен тапқырлықтарын сынады;
🎨 «Өнерлі отбасы» — өз өнерлерін ортаға салды.
✨ Әр отбасы өзара ынтымақты, шығармашылықты және ұйымшылдықты көрсете білді.

